$522.63 €548.66 ₽5.07
×

3 миллион теңге талап еткен: Қостанайлық әйел инъекция дұрыс салынбағаны үшін ауруханадан өтемақы өндіріп алды

AstanaTV
06.12.2024ж. 17:44
135
3 миллион теңге талап еткен: Қостанайлық әйел инъекция дұрыс салынбағаны үшін ауруханадан өтемақы өндіріп алды

Қостанайда инъекция дұрыс салынбағанның кесірінен науқастың шынтағында ауыр неврит пайда болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Талапкер тамырына салынған уколдан кейін шынтақ аймағында ауыр неврит пайда болғаны туралы құжаттарды ұсынды. Жәбірленушіге ұзақ уақыт емделуге тура келді, бұл ауру оның күнделікті өмірінде және жұмысында қиындықтар туғызды”, – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.

Филиппиндік бала күтуші оны желіде алаяқ деп атаған астаналық кәсіпкерден 100 мың теңге өтемақы өндіріп алды

Мүгедектік тағайындамаған, сауықтыруға жолдама бермеген: Қызылордада ана емханадан 1 миллион теңге өндіріп алды

Павлодар тұрғыны әкесінің өлімі үшін ауруханадан 5 миллион өтемақы өндіріп алды

Сот медбикенің кесірінен науқаста қиындық пайда болғанын мойындады және талапкерді талабын қанағаттандырды. Алайда талапкердің сұраған өтемақысы емес, моральдық зиянды өтеу мөлшерін 700 мың теңге деп бекітті. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.