$520.27 €537.65 ₽5.24
×

ШҚО-да "Қарызсыз қоғам" жобасы аясында өз кәсібін ашып, кәсіп дөңгелеткендер көбейді

06.12.2024ж. 20:00
561
ШҚО-да "Қарызсыз қоғам" жобасы аясында өз кәсібін ашып, кәсіп дөңгелеткендер көбейді

Елімізде "AMANAT" партиясының "Қарызсыз қоғам" жобасы аясында өз кәсібін дөңгелетіп отырғандар қатары артты. Солардың бірі - өскемендік Құралай Мажатаева. Ол бастапқыда арнайы курста оқып, бизнес-жоспарын құрған. Сосын "Бастау Бизнес" бағдарламасы арқылы 1 млн 476 мың теңге несие алып, тазалық қызмет орталығын ашыпты. Қазір Құралай әлеуметтік желі арқылы көпшілікке өз қызметін ұсынып отыр. Тапсырыстар көп дейді. Тұрақты клиенттері бар. 

ҚҰРАЛАЙ МАЖАТАЕВА, "ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ" ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫ:

Мен "Қарызсыз қоғам" жобасын көпбалалы аналар чатында естідім. Және жазылып алдым десем болады бірден. Себебі менде өзімде де қарыз мәселесі проблемалар болды. Жазылып алып ертесіңе сабаққа бардым. Басыңда қызықсыз болды әрине. Одан кейін ақырын- ақырын 1.2.3 күні мәселелер айтып қарыздан қалай шығу жолдарын және қалай құтылу жолдарын, ақшаны үнемдеу мәселелері бойынша көптеген ақпараттар алдық. Білім алдық десем болады. Соның арқасында менде бірталай қарыздарым болды енді, соны оңай құтылдым болады енді.