Жамбыл облысында қиындыққа тап болған және отбасылық зорлық-зомбылықтың зардабын тартқан әйелдер мен олардың балаларына арналған қолдау орталығы ашылды. Байзақ ауданындағы «Отбасын қолдау орталығы» 6 бағыт бойынша жұмыс істейді. Жаңа ғимаратта психолог және әлеуметтік қызмет көрсету, асхана бар. Уақытша 15 адамға арналған жатын бөлме, тынығу, қызмет көрсету бөлмелері талапқа сай қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Орталық АМАNАТ партиясының Сайлауалды бағдарламасы аясында ашылған. 2027 жылға дейін өзге аудандарда да пайдалануға беріледі. Моральдық тұрғыдан қиындық көріп, жан жылуына зәру болып отырған отбасыларға қоғам болып көмек беру – бәріміздің ортақ міндетіміз дейді партиялықтар.
ЕРКІН КЕЛЕСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Міндеті мемлекеттік отбасы саясатын жүргізуге өмірде қиын жағдаға тап болған адамдарды қолдау шараларын іске асыруға бағытталған. Бұл орталық отбасы институтын қолдау мақсатында психологиялық, құқықтық және әлеуметтік кеңестер беріп алты бағыт бойынша қызметтер көрсетеді.