Түркістан облысында мектеп тапшылығы мәселесін шешу мақсатында биыл 50 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 29-ы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынуда.
Құрылыс AMANAT партиясының бақылауында. Сарыағаш қаласында жұмыстар сәуірде басталған. Қазір 900 орындық нысанның шатыры жабылып жатыр. Дербісек ауылдық округіндегі мектептің де құрылысы да қарқынды. Биыл пайдалануға беріледі. Жетісай ауданында жүріп жатқан құрылыс та назарда. Айта кетейік, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында аймақта салынып жатқан мектептердің 16-сы биыл, ал 13-і келер жылы қолданысқа берілмек.
ҚАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕЕВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Біздің облыста 4 апатты мектеп бар, соның үшеуінің құрылысы жүріп жатыр. Ол Қазығұрт, Созақ және Сарыағаш аудандарында. Жетісайдағы бір мектептің құрылысы 2025 жылы басталады. Жыл соңына дейін 25 мектеп пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның 7-еуі «мың мектеп» жобасы аясында болса, қалған 18-і «жайлы мектеп» жобасы аясында.