Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Атырау облысында 10 млрд теңгенің мемлекеттік сатып алулары дұрыс рәсімделмегені анықталды

AstanaTV
17.05.2017ж. 20:00
2684
Атырау облысында 10 млрд теңгенің мемлекеттік сатып алулары дұрыс рәсімделмегені анықталды

Атырау облысында мемлекеттік сатып алудан шикілік шықты. Миллиардаған қаражат құжат бойынша дұрыс рәсімделмеген. Бүгін өңірлік Орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы осылай деді. Еркебұлан Марайымовтың мәліметінше, камералық бақылау құны 11 миллиард теңге болатын 7,5 мың рәсімді қараған. Нәтижесінде, көлемі 10 миллиард теңге болатын 579 мемлекеттік сатып алудан қателік тауыпты.  Бұл тәртіп бұзушылықтың ішінде мектептерді ыстық тамақпен қамту саласы да бар. Білім беру мекемелері мен қызмет көрсетушінің арасында жасалған 279 келісімшарттың 56-сында қателік жіберілген.

Еркебұлан Марайымов, Атырау облысы ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы:

Жеткізіп берушіде қоластындағы жұмысшыларының біліктілігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтен рұқсаты бар тиісті құжаты болуы керек. Тексеру нәтижесінде дәл осы жайт бойынша тәртіп бұзушылықтар анықталды. Ол жерде арнайы жеңілдіктер беретін белгілер болады. Ал олардың есептелуі дұрыс емес болған фактілер тіркелді.

Айбек ҚОСАН