$514.93 €536.04 ₽5.18
×

Қызылордада ҚР Прокуратурасы күніне орай үздік прокурорлар марапатталды

Қызылордада ҚР Прокуратурасы күніне орай үздік  прокурорлар марапатталды

Бүгін-прокуратура күні. Осыған орай Қызылордада сала қызметкерлері марапатталды. Үздік прокурорлар арнайы номинацияларға ие болды. Салада атқарылған жұмыстар сараланып, ертеңгі міндеттер нақтыланды. 

Заңдылықтарды сақтап, қоғамда тәртіпті нығайту жолында прокуратура саласы қызметкерлерінің орны ерекше. Бұл- қажырлы еңбек пен табандылықты қажет ететін жауапты сала. Батырбек Нұрмағанбетов құқық қорғау органдарында 24 жыл, ал прокуратурада 14 жылдан бері қызмет атқарады. Өз ісін абыроймен атқарып жүрген ол бүгін құрмет грамотасымен марапатталды.

БАТЫРБЕК НҰРМАҒАНБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:

Биылғы жылға 3 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды, 27 инвестордың құқығы қорғалды, 100 мыңнан астам адамның конституциялық құқығының қорғалуына қол жеткіздік. Осындай жұмыстың нәтижесі , әрбәр күні жұмыс уақыты біткеннен кейін үйіңе қайтқан уақытта ерекше, өзіңе артқан жүгіңді орындаған міндетпен оралуға әкеп соқтырады.

Жыл қорытындысымен 7 ауданның ішінен Жаңақорған үздік деп танылды. Биыл аудандық прокуратурамен 117 тексеру жүргізілген. Оның нәтижесімен 685 заңбұзушылық анықталған. Мемлекет қазынасына 15 млн теңгеге жуық қаржы қайтарылыпты. Олар 20 мыңнана астам азаматтың құқығының қорғалуына сеп болған.

ДАБЫЛ АЯНҰЛЫ, ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:

Бүгінгі наминация бойынша жеңісіміз біздің прокуратураның қызметкерлеріне күш-жігер береді қосымша. Келесі жылы да осындай, бүданда асқан жетістікке жетеміз деп ойлаймыз. Және де өзімнің әріптестеріме сәттілік тілеймін.

Салтанатты шарада өзінің кәсіби шеберліктерін дәлелдеп, іскерліктерімен көзге түскен сала үздіктері марапат төрінен көрінді. Сонымен қатар офицерлерлдің аналарына құрмет көрсетілді. Жас мамандар ант қабылдап, адал қызмет етуге сөз берді.

Прокуратура – құқық қорғау органдарының түпқазығы. Сондықтан оларға артылатын сенім, міндет те жылдан жылға күшейтіліп келеді.

РИЗАБЕК ОЖАРОВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ:

Жылдан –жылға прокурорларға жаңа міндеттер жүктеп жатыр. Ол ең біріншіден Мемлекет басшысының сенімі. Бізге үлкен жауапкершілік деп санаймын. Себебі қай жерде жүрсек те ең бірінші халықпен кездесетін жергілікті атқарушы органдары бар, прокуратура органдары бар. Бәріміз халықтың негізгі сұрақтарын шешуге дайынбыз.

Салтанатты шара концерттік бағдарламаға жалғасты.