$524.66 €550.21 ₽5.09
×

Су жаңа немесе ескі көлік мінгісі келетін қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық жарияланды

AstanaTV
07.12.2024ж. 00:19
308
Су жаңа немесе ескі көлік мінгісі келетін қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық жарияланды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредитке көлік сатып алғысы келетін азаматтардың борыш жүктемесін 2027 жылға дейін есептемеуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазір кез келген банк несие берерде клиенттің табысынан бөлек, оның ипотека мен кредиттерді өтеуге жұмсап жатқанын шығынын да ескереді. Клиенттің ай сайынғы қарызы тапқан табысының жартысынан асып кетіп жатса, жаңа несиені мақұлдамайды. Енді Агенттік отандық автомобиль өнеркәсібін дамыту үшін осы шектеуді алып тастамақ.

«Ашық НҚА» порталында жарияланған қаулы жобасына сәйкес, автокредитке өтініш берген азаматтың борыш жүктемесі коэффициенті алдағы екі жыл есепке алынбайды. Яғни, клиенттің ай сайынғы қарызы табысының жартысынан артық шығып жатса да, банк оған жаңа не ескі көлік сатып алуға несие беруі мүмкін.

«Қарыз алушының борыш жүктемесі коэффициентінің ең жоғары деңгейін сақтау жөніндегі талап 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде қолданылмайды», - делінген құжатта.

Банктер мына жағдайларда борыш жүктемесін ескермейді:

жаңа автокөлікті өзін кепілге қойып сатып алғанда;

бұрын мінілген, кепілге қойылған және 50% бастапқы жарнасы төленген автокөлікті;

3 жылға дейін пайдаланылған, кепілге қойылған және 30%-дан 50%-ға дейін бастапқы жарнасы төленген көлікті сатып аларда.

Қаулы жобасы 20 желтоқсанға дейін талқыланады.