Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтардың арыз-шағымдары тыңдалды

AstanaTV
17.05.2017ж. 20:00
2504
«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтардың арыз-шағымдары тыңдалды

Қазақстандықтарды әлі де жер телімдерін алу мәселесі мен ауыл шаруашылығын кооперативтендіру, өнімдерді экспорттау мәселелері толғандырып келеді.

Бүгін «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтардың арыз-шағымдарын премьер-министрдің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов тыңдады. Бірі өнімдерін экспорттау мәселелерін қозғаса, енді бірі жер телімдерін алу туралы өтініш жасап келген. Вице-премьердің сөзінше, әр заңды жасалған қадам нақты шешімсіз қалмайтын болады. Тіпті бүгінгі кездесуге де ведомствоның әр департаменті басшылары келіп, кей түйіндердің жауабы бірден шешілді. Ауыл шарушалығы мамандарының көкейіндегі көптеген сауалдар шешімін тапты. Ал кей ұсыныстар тереңірек қаралмақ.

Ауыт Мұқибек, Астана қаласының тұрғыны:

Шеттен келетін ағайындар саны жыл санап артып келеді. Олардың көбі ауылды жерге барады. Оларға заң аясында жер берілуі керек. Бірақ көп ауылда бос жер жоқ деген жауап беріліп жатыр. Сондықтан мәжілісте талқыланып жатқан "Жер туралы" заңға толықтырулар енгізіп, ауыл шаруашылығындағы жердің 10 пайызын қандастарға беру үшін қорға алып қалу туралы өз ұсынысымды айттым.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ