Қоғамдық сананы жаңғыртудың
басты басымдығы - ұлтымыздың жаһандық қоғамдастықта бәсекеге қабілетті
болуында. Бұл бағытта жастарға жүктелген міндеттің жүгі ауыр. Әрі
жауапкершілікті талап етпек.
Бүгін Алматыда «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен «Жас Отан» жастар қанатының қолдауымын
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылаған жиында
белсенді жастар осылай деді. Елбасы атап өткендей, ашық қоғамды қалыптастыруда
жастардың білім деңгейі жоғары болуы міндетті. Бұл бағытта филология, философия
сынды мамандықтарға басымдық берілген. Жастар әсіресе, латын қарпіне көшу
бастамасын ерекше қолдап отыр. Олардың сөзінше, бұл қадам еліміздің рухани
жаңғыруына жол ашпақ.
Мәди Ахметов, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ төрағасы:
Қазір жастарымыз өзара
байланысқа түскен кезде осы латын әріптерімен жаңағы әлеуметтік желілер арқылы
өздерінің парақшаларында жариялым жасап жатыр. Сонда жастар қазірдің өзінде оны
қолдап, түрлі акциялар жасап, соны жүзеге асырып жатыр десе болады. Ұлттық кодты қалыптастырып, әрі қарай сақтап қалатын кім? Яғни олар жастар.
Сондықтан тек қана қара сөзбен емес, бұны біз болашақта тиянақты нақты істермен
дәлелдеп көрсетеміз деген ойдамын.
Айгүл ЕРМАХАН