$523.86 €544.34 ₽5.11
×

"Баласы салонда ұйықтап жатқан": Алматыда ер адам өз көлігінің астына түсіп, қаза тапты

AstanaTV
08.12.2024ж. 06:41
226
"Баласы салонда ұйықтап жатқан": Алматыда ер адам өз көлігінің астына түсіп, қаза тапты

7 желтоқсанда Алматы тауларында адам өліміне әкеп соқтырған жол апаты орын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ішінде ұйықтап жатқан бала бар жүк тиелген "ГАЗель" көлігі өз жүргізушісін басып кетті. 

Қайғылы оқиға Мұстафа Шоқай көшесінің жанындағы тар аллеялардың бірінде болған. Сол сәтте жергілікті тұрғын үйіне көлігімен қайтып келе жатқан. Салонда оның бес жасар баласы да болған. Ол оқиға орын алғанда ұйықтап жатқан.

Үйге бірнеше ондаған метр қалғанда, газельдің алдынан бір көлік шығып қалған. Бұл аймақтағы жолдар тар және өту қиын болған соң, ер адам тоқтап, қарсы келе жатқан көлікті өткізуге шешім қабылдаған.

Жүк тиелген "Газель" жүргізушісі көлік төменге қарай кетіп қалмас үшін, оны өшіріп түскен. Дегенмен көлікті "жылдамдықпен" қалдырған. Газельдің артқы дөңгелегінің астына зат қоюға барған кезде, көлік оны басып қалған.

Көлік бұрылып, бүйіріне қарай аударылып кете жаздаған. Оқиғаның куәгерлері дәрігерлерді шақырып, баланы көліктен алып шыққан.

Өкінішке қарай, 1988 жылы туған ер адамның алған жарақаты ауыр болып шықты. Ол жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды.

Қазір апат орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.