Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Головкин мен Альварестің жекпе-жегін өткізуге тағы 2 арена ұсыныс білдірді

AstanaTV
17.05.2017ж. 20:00
2082
Головкин мен Альварестің жекпе-жегін өткізуге тағы 2 арена ұсыныс білдірді

Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің кездесуін өткізу үшін талас қыза түсті. Өйткені жылдың ең басты текетіресіне деген көрерменнің қызығушылығы арта түскен. Бокс бәсекесінің өз жерінде өтуіне АҚШ, Ұлыбритания, Біріккен Араб Әмірліктері таласып жатыр. Ал "Канеллоның" командасы Лас-Вегастағы T-Mobile аренасымен алдын ала келісіп қойған. Ал Қазақстан билігі Астанада өтуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Әзірге ресми жауап жоқ. Трипл джидің промоутері Том Леффлер алдағы жұдырықтасудың нақты қай жерде өтетіні белгілі болмағанын айтады. Шешім алдағы аптада қабылданбақ. Ал бүгін былғары қолғап шеберлерінің проморолигі пайда болды. 

Еске салайық, көпшілік күткен кездесу 16 қыркүйек күні өтеді.

Айбек ҚОСАН