Жыл басынан бері ҚМА 20 млрд теңгеден аса шығын келтірген қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша 68 қылмыстық істі тергеді.
ҚМА мәліметінше, бүгінгі таңда 13 млрд теңгеден астам қаражат өтелді. Жыл басынан бері интернет кеңістігінде 47 қаржы пирамидасы анықталған.
Оларға қатысты әлеуметтік желілерде 300-ге жуық чат жабылып, шамамен 2 миллионға жуық қатысушы – әлеуетті салымшылар болған. Осы жылы әлеуметтік желілерді талдау нәтижесінде қаржы пирамидасы белгілері бар сайттарға 11,7 мыңнан астам сілтеме бұғатталды, - делінген мәліметте.