Атырауда «Жастарға жұмыс» партиялық жобасы бойынша соңғы екі жылда 40-тан астам жас тұрақты еңбекпен қамтылды. Одан бөлек кәсіпкерлік тренингтеріне қатысып, жеке бизнес ашқандар бар. Бұл жоба, әсіресе, жоғары оқу орнын бітіре салып, екі қолға бір күрек таппай жүргендер үшін таптырмас мүмкіндік. «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты 2022 жылдан бастап жоба аясында түрлі бос орындар жәрмеңкесі мен мемлекетті бағдарламалар бойынша түсінік жұмыстарын жиі өткізіп жүр. Нәтижесі жаман емес. Облыс орталығы ғана емес, аудандарда да ұйымдастырылып отыр. Тек биыл 50 шақты ірі кәсіпорын 300ге жуық бос жұмыс орнын ұсынған. Оған мыңға тарта жас қатысыпты.
АБЫЛАЙ ҚҰРМЕТ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ АОФ ТӨРАҒАСЫ:
Қала көлемінде ғана емес, аудандарда ұйымдастырылуда, мысалға айтатын болсақ, 2023 жылы біздер Махамбет, Мақат ауданында мобилді топ құрып, кеңес беру бойынша бірнеше азаматтамен бардық. Жастарға өзінің пайдасын тигізіп жұмысқа орналасқан жастар болды.