Оралда жезөкшелікпен айналысқаны аздай, есірткі таратқан әйел ұсталды. Тәртіп сақшылары сегіз қырлы, бір сырлы бұл әйелдің шетелдіктермен жұмыс істегенін айтады. Қызық іздеген клиенттерін ризалап, ләззатқа батырған үшеудің әрекеті ұзаққа созылмады. Полиция олардың жалдаған пәтерінен 9 келі мефедрон тапқан. Жыл басынан бері өңірде есірткі саудасына қатысты 108 қылмыс тіркеліп, 118 килограмм есірткі тәркіленген. Сонымен қатар бұл істі жолға қойған ұйымдасқан екі қылмыстық топтың жолы кесілді.
ДАНИЯР МЕЙІРХАН, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі шетелдік азамат ұйымдастырған есірткі зертханасы жойылды.
27 мыңнан астам бір реттік доза айналымға жіберілмеді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.