Елордада 80-нен астам жас спортшы шайбалы хоккейден балалар арасындағы турнирге қатысты.Жарыс бір айналымда өтіп, төрт ойыннан құралды. Онда түрлі командалардан жиналған 7-8 жас аралығындағы жеткіншектер өнер көрсетті. Жеңімпаздар ауыспалы кубокқа ие болып, ойынға қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Турнирді Астанадағы Канада халықаралық мектебі мен қоғамдық қайырымдылық қор ұйымдастырды. Демеушілер аталмыш шараны алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отыр.
Дмитрий ЗЕБРОФФ, КАНАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Канада-хоккейдің отаны, сондықтан да осы турнирді өткізу идеясы туындады. Өскелең ұрпақ арасында шайбалы хоккейді және салауатты өмір салтын насихаттағымыз келді. Біз барлық оқушылар үшін тең жағдай жасаймыз. Алдағы уақытта турнир астаналық балалар мен жасөспірімдер арасында ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлеріндегі хоккей командалары арасында да сұранысқа ие болады деп үміттенеміз.