Армысыздар! Жеңілмейтін Шавкат жеңіліс көрмеген Йэн Герриді қапы қалдырып, кәсіби мансабында 19-шы рет жеңіске жетті. Жекпе-жектен соң Ирландиялық файтер әлеуметтік желіде қазақ тілінде жазба жариялап, Шавкатты жеңісімен құтықтады.
ЙЭН ГЕРРИ, ФАЙТЕР:
Сізді және таланттарыңызды құрметтеуден басқа ештеңем жоқ. Құттықтаймын, мен сені қайтадан көретін уақытты асыға күтемін - Сіз де, мен де кімнің қауіптірек жауынгер екенін білеміз.
Жекпе-жек болған күні қазақстандық жанкүйер мен UFC чемпионы Мераба Двалишвили төбелесіп қалды. Қақтығысқа спортшының ассистенті де қатысқан. Артынша атыраулық Арман Тугаевке грузиндік файтердің Шавкат жайлы пікірі ұнамай қалғаны белгілі болды.
Ағылшындық "Вэст Хэм" футбол клубының шабуылшысы Майкл Антонио жантүршігерлік көлік апатына ұшырады. Оқиға Лондон қаласының маңында тіркелді. Апат болған жерден Майклды ауруханаға тікұшақпен жеткізген. Вэст Хэм клубы спортшының аяғына операция жасалғанын мәлімдеді.
Аяқ киімнің кесірінен футболшы қақпасына соғылған 2 голға себепші болды. Челси қорғаушысы Марк Кукурельяның екі рет аяғы тайып, салдарынан 1-ші таймның басында Тоттенхэм жауапсыз 2 гол соқты. Осыдан соң Кукурелья жылдам аяқ киімін ауыстырып, алғашқы голдық пас берді. Кездесуде камбэк тіркеліп, Лондондық клуб 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Камбэк жасаған жалғыз Челси емес. Атлетико мен Севилья арасындағы матчта да 7 голға куә болдық. 1-де 3 есебімен жеңіліп жатқан Симеоне жігіттері 94-ші минутта 4-ші голды соғып, қарсыластан айласын асырды. 3 ұпайға қол жеткізген Атлетико Мадрид турнирлік кестеде 3-ші орында тұр.
Спорттағы маңызды ақпарат ағыны осындай. Есен-сау болыңыздар!