"Ұстаз – ұлт айнасы". "АМАNАТ" партиясының дәл осындай төсбелгісімен қарағандылық Жадыра Баймолдин марапатталды. Ол 30 жылдан бері балаларға білім беріп, мектеп қабырғасында үздіксіз қызмет етіп келеді. Қазіргі таңда Абай атындағы мектеп-гимназиясында директор. Көп жылдық тәжірибесі бар ұстаз Астанада өткен "Mugalim Talks" кейс-платформасында өткен кездесуде, мұғалімдерге кәсіби дағдыларды дамыту тұрғысынан қолдау көрсету туралы өз көзқарасын білдірді. Пікір таласқа еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам педагог қатысты. "АМАNАТ" партиясы кәсіби қызметі мен қоғамдық жұмысқа белсене атсалысқан ұстаздарға ведомстволық наградалар және «Ұстаз – Ұлт айнасы» төсбелгісін табыстады.
ХАБИБА ДАҚЫНОВА, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ САЯСИ ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Партияның бастамасымен «Мұғалім әңгімелер» кейс алаңы өтті. Қарағанды облысынан Абай атындағы мектеп директоры қатысты. Қолданыстағы білім беру заңнамасына өз ұсыныстарын жеткізді. Сол үшін «Ұстаз – Ұлт айнасы» партиялық сыйлығымен марапатталды. Ұстаз мәртебесін көтеруге бағытталған бастамаларды партия әрқашан қолдайды.