$522.63 €548.66 ₽5.07
×

«Amanat» партиясының Алматы қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне биыл 5399 адам өтінішпен келген

09.12.2024ж. 20:00
119
«Amanat» партиясының Алматы қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне биыл 5399 адам өтінішпен келген

«Amanat» партиясы Алматы қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне биыл 5399 адам өтініш білдірген. Оның 61,4 пайызы оңынан шешіліпті. Ал, қалған 38 пайызына түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Айта кетейік, мегаполисте 8 қоғамдық қабылдау бөлмесі бар. Тұрғындардың басты мәселесі – баспана. Одан кейін, алаяқтардың құрығына түсіп, оңбай алданған адамдар да базынасын айтып, көмек сұраған. Алимент ала алмай, күнкөрісі нашарлаған көпбалалы аналар да қоғамдық қабылдау бөлмесінің есігін жиі қағатын көрінеді.

ГҮЛСАРА МӘДИБЕКОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Біздің қоғамдық қабылдау кестелеріне сәйкес 799 қабылдаулар өткізген. Оның ішінде 3411 адам қабылдауға келіп, мемлекеттік органдармен, қалалық мәслихат депутаттарының қабылдауларында болған. Бізде жалпы қоғамдық қабылдау бөлмелерінде партиялық жобалар ұйымдастырылуда. Бұл «Құқықтық көмек», Мобильді қоғамдық қабылдау партиялық жобалар жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері мобильді қабылдау бойынша 12 қабылдау өткізіп, 253 адам бізге жүгінген.