Таразда « АМАNАТ» партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшелері «Ұлы дала» шағынауданындағы №67 мектепке барды. Жақында ғана пайдалуға берілген жайлы білім ошағы партияның сайлауалды бағдарлама аясында ашылған. 1мың 200 орынға лайықталған. Ғимарат ең озық технологиялармен жабдықталған. Құрылыс барысы партиялықтардың бақылауында болды. Сапаға ерекше мән берілген.
ЖҰМАХАН МҰҚАШҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, "АМАNАТ" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Партияның халықпен бірге сайлауалды бағдарламасының жүзеге асуына соның орындалуына өз үлесімізді қосамыз деген уәде бергенбіз. Сондықтан қазіргі уақытта тек жаңадан салынған жайлы мектеп емес, жай мектептер де бар. Онымен қатар күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептер бар. Қазір ол мектептердің бәрі кестемен уақыты аяқталып, оқушылар қабылдап жұмыс істеп жатыр.