Бірнеше жыл бұрын Нигерия азаматы Джессимен некелесіп, ұл баланы дүниеге әкелген танымал атыраулық блогер Заида Онуора отбасындағы тағы бір сүйінші жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
2024 жылдың 27 қыркүйегінде 33 жастағы блогер екінші мәрте жүкті екенін айтып, өз қуанышымен бөліскен.
Ал 3 қазанда Заида мен Джесси болашақ баланың жынысын анықтап, оны көпшілікке жария еткен болатын.
Сөйткен блогер аман-есен босаныпты.