$522.63 €548.66 ₽5.07
×

Түркістанда айыппұлы бойынша 4 млн теңге қарызы бар жүргізуші полицейлерден қашпақ болған

AstanaTV
10.12.2024ж. 06:29
99
Түркістанда айыппұлы бойынша 4 млн теңге қарызы бар жүргізуші полицейлерден қашпақ болған

Түркістан қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері BMW 750 автокөлігі жүргізушісінің төлемей жүрген 4 миллион теңгеге қарызы барын анықтады. Борышкер жүргізуші полициядан қашып, жасырынбақ болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция дерегінше, автокөлік жүргізушісі тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбай, жылдамдықты арттырып жасырынуға тырысты.

Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, айыппұл тұрағына орналастырды, ал жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тәртіп сақшылары азаматтарды жол ережелерін сақтауға шақырады.