Сарыарқа ауданында орналасқан елордалық көпқабатты үйлердің бірінде анасы 2015 жылы туған ұлы тұрған пәтерге кіре алмады. Бірнеше рет телефон шалып, есік қаққаннан кейін, бала ашпаған соң, күмәнданған ана құтқарушылардың көмегіне жүгінді.
Жедел-құтқару жасағының батыл қызметкерлері саты арқылы 12-қабатқа көтеріліп, терезеден пәтерге кіріп, пәтердің есігін ішінен ашты.
Бала тыныш ұйқыда еді. Медициналық көмекке мұқтаж емес.