$520.27 €537.65 ₽5.24
×

"Алматы-Ташкент" тасжолында жолаушылар автобусы бұзылып, 41 жолаушы эвакуацияланды

AstanaTV
10.12.2024ж. 10:03
200
"Алматы-Ташкент" тасжолында жолаушылар автобусы бұзылып, 41 жолаушы эвакуацияланды

Түнде "Алматы-Ташкент" тасжолында жолаушылар автобусы бұзылып, Жамбыл облысы Жуалы ауданында тұрып қалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

ТЖМ қызметкерлері ақаулы автобустан жақын маңдағы Шақпақ ата ауылының жылыту пунктіне 41 жолаушыны, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады.

Көпшілігі Ресей азаматтары болып саналатын жолаушылар осы сәтте басқа автобуспен жолын жалғастыруда. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес.