Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысында 10 желтоқсанда қатты аязға байланысты мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қарағанды, Шахтинск және Теміртау, Саран қалалары мен Абай ауданында бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтықтан оқытуға көшірілді.
Ал Бұқар жырау өңірінде мектеп оқушыларының барлығы қашықтан оқуға көшті. Сондай-ақ Қарқаралы, Нұра аудандары мен Балқаш қаласында 0-7 және 8-сынып оқушылары үйден оқып жатыр.
Риддерде 1 және 2 ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары онлайн форматқа көшірілді. Алтай өңірінде де ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше мектептерде 0-4 сынып оқушылары онлайн оқуға көшті:
Самар ауданында ауа температурасының минус 34 градусқа дейін төмендеп, Аққала мектеп-балабақшасы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде де сабақтар онлайн өтіп жатыр.