Бүгін таңертең Алматыда жеке мектептердің бірінің жанынан автокөлікте адамның мәйіті табылды. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары жазған, деп хабарлайды Тengrinews.kz.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінде пайда болған ақпаратты растады.
Ер адамның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, өлімнің себебі жүрек жеткіліксіздігі болды, - деп хабарлады полиция.
Полицейлер болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.