Алматыда жеке мектеп жанында аялдаған көліктің ішінен ер адамның мәйіті табылды. Қалалық полиция департаменті бұған қатысты тергеп-тексеруді бастаған. Алдын ала болжам бойынша, марқұм жүрек қысымынан көз жұмуы мүмкін.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның денесінің табылу дерегі бойынша тергеу жүргізілуде. Алдын ала мәлімет бойынша, ол жүрек жеткіліксіздігінің салдарынан қайтыс болған.