Тобыл өңірінде қоғамдық тәртіп бұзған 16 мың адамға әкімшілік хаттама толтырылды. Оларға 18 миллион теңге көлемінде айппұл салынған. Полицейлердің анықтауы бойынша Қостанай облысының тұрғындары көп жағдайда қоқысты арнайы орынға апармайды.Рұқсатсыз жерге төге салады.Көшеде келе жатып темекі тұқылын тастайтын, қоғамдық орындарда түкіре салатындар да көп. Жыл басынан бері 16 мыңға жуық облыс тұрғыны қоғамдық тәртіпті бұзған. Олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
БАУЫРЖАН ҚАСЫМХАН, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Қоғамда тәртіпсіздік пен ұсақ бұзушылықтарға төзбеушілік қағиданы қалыптастыруда.Азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыруды айғақтайды. Мәселен 2024 жылдың 11 айында облыс бойынша қоғамдық тәртіпке әсер ететін әкімшілік құқық бұзушылықтар 31,5 пайызға яғни өткен жылдың осы ұқсас мезгілімен салыстырғанда 22091 ден 29050 дейін көбірек анықталды.