$522.63 €548.66 ₽5.07
×

"AMANAT" депутаттары халық алдында есеп берді

10.12.2024ж. 20:00
117
"AMANAT" депутаттары халық алдында есеп берді

Киіктен зардап шеккен батысқазақстандық шаруаларға 4 миллиард теңге өтемақы төленді. Бұл ақбөкендер әлекке салған ауылдағы ағайынға үлкен көмек болды. AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасы орындалғаны жөнінде ел алдында есеп берген облыстық мәслихат депутаттары осылай мәлімдеді. Облыстың төрт ауданын бірнеше жылдан бері әлекке салған киік саны бүгінде 3 миллионнан асқан. Бірақ олардың өсімін реттеп, нақты шараға кіріспейінше, жағдай ушыға бермек. Облыстық мәслихаттағы AMANAT фракциясының мүшелері биыл құзіретті органдарға 113 депутаттық сауал жолдапты. Онда "Ауыл аманаты" партиялық жобасы, әуе және темір жол қатынасы мен Жайық өзенінің жағдайын қамтыған. Өңірдегі өзекті мәселелерді оңымен шешу үшін депутаттық корпус жүйелі жұмыс атқарып жатыр. Мысалы, партияның сайлауалды бағдарламасына қатысты Жол картасындағы 9 тармақтың жетеуі іске асырылды.

НҰРТАЙ ЖҰМАШЕВ, БҚО МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Киіктердің мәселесін шешуге биыл облысымызда төтенше жағдай төрт ауданда жарияланды. 4 миллиардтың үстінде ақша бөлінді. Ол 4 миллиардты жіктейтін болсақ, 3 миллиарды жеке шаруа қожалықтарына мал азығына бөлінді. Шетте тыс қалмасын деп жергілікті халықтың жағдайын түзету, қолдауға басқа жағдай жоқ, соларға мал азығын тасымалдауға 800 миллиондай ақша бөлінді.