$522.63 €548.66 ₽5.07
×

Қызылордада «Жемқорлықсыз болашақ – әр азаматтың үлесі» атты форум өтті

Қызылордада «Жемқорлықсыз болашақ – әр азаматтың үлесі» атты форум өтті

«Жемқорлықсыз болашақ – әр азаматтың үлесі». Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облыстық филиалы осы тақырыпта форум ұйымдастырды. Онда жиналғандар ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, алдын ала жарияланған байқау қорытындысы айтылып, сый-сияпат тапсырылды.

Сыбайлас жемқорлық қай саланың болмасын құлдырауына алып келеді. Ал елдің дамуына, болашағына қауіп төндіреді. Сондықтан кішкентайдан балалардың жадына одан алшақ болуды сіңіру керек дейді ұйымдастырушылар. Соның негізінде сурет салу, мақала жазу сайысы мен жас ақындар мұшайрасы жарияланған. Форумда байқау қорытындыландыланып, жеңімпаздардың анықталды. Одан өзге жемқорлыққа қарсы іс-қимылға үлес қосып жүрген үздіктер марапатталды.

АЯНАТ НАГИМУТЛА, «ҮЗДІК МАҚАЛА» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:

Мен бүгін үздік сыбайлас жемқорлыққа қатысты мақаладан І орын алдым, яғни бас жүлде алдым. Оған қуаныштымын. Мен жазған мақасаланың тақырбы «Анмды жылатпаймын». Яғни, осы тақырыпта, сыбайлас жемқорлықта менің анам құрбан болған. Сол жайла мен мақаламды толық жазып аяқтадым.

Білім беру және ақпараттық бағдарламалар арқылы жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру маңызды. Соның негізінде биыл республикалық «Саналы ұрпақ» слеті өткізілген. Атырауда өткен алғашқы жиыннан аймақтың «Сыр жастары» тобы жеңіс төрінен көрінеген.

РАСУЛ БАЗАРХАНҰЛЫ, ҚАЗАҚСТАН СТУДЕНТТЕРІНІҢ АЛЬЯНСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ол жерде сыбайлас байланысты әр өңірден келген өзіміздің командаластарымызбен, әріптестерімізбен бірге сол жерде өзіміздің ұсыныс-пікірімізді талқылап, әрі қарай жоғарғы органдарға тиісті түрде жолдаған болатынбыз. Алдағы уақытта да ұйымның жұмысы тоқтап қалмау керек. Әрі қарай жүйелі түрде жүргізілу керек деп ойлаймын. Баршаңызды сыбайлас жемқорлықтан алшақ болуға шақырамыз.

Сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресте халықтың құқықтық сауаттылығын арттырудың маңызы зор. Заңдық тұрғыдан сауатты адам өзін қорғап қана қоймай, мәселесін «ақшамен» реттеуге ұмтылмасы анық. Осы орайда аймақта жыл басынан 18 мың адамды қамтитын 200-ден астам шара өткізілген.

ҚУАНЫШ АХМЕТҚАЛИЕВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Сыбайлас жемқорлықпен күрес тек қана құқық қорғау органымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікпен емес, бүкіл қоғам болып бірге жұмыс істеу керекпіз. Осыған үлес қосатын ақпараттық жүйелер, мекеменң басшщылары және де ірбір азамат қоғам болып қосылып жұмыс істесек, сонда біз үлкен нәтижеге жетеміз деп мен сенімдімін.

 Жемқорлықпен күресу мақсатында елімізде кешенді жұмыстар жүргізіліп келеді. Түрлі қоғамдық бақылаулар мен электрондық жүйелер іске қосылды. Бұл ашықтықты қамтамасыз етіп қана қоймай, пара алудың жолын кеседі дейді мамандар.