$522.63 €548.66 ₽5.07
×

"AMANAT" партиясының "Кедергісіз келешек" жобасы БҚО ауылдарында 100% орындалған

10.12.2024ж. 20:00
138
"AMANAT" партиясының "Кедергісіз келешек" жобасы БҚО ауылдарында 100% орындалған

Батыс Қазақстан облысында AMANAT партиясының "Кедергісіз келешек" жобасы ауылдық жерде кеңінен қолдау тапты. Партиялықтар қамкөңіл жандарды жұмыспен қамтып, тұрмысын түзеуге күш салғанын айтады. Кедергісіз келешек" жобасы аясында жыл басынан бері 113 инфрақұрылым нысаны тексеріліп, 25 рейд жүргізілген. Осылайша 93 кемшілік анықталып, тиісті органдарға ұсыныстар жіберіліпті. Бұған қоса өңірде 3 мыңнан астам адамды қамтыған әлеуметтік-мәдени және спорттық шаралар өткізілген. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос орындар жәрмеңкесінен кейін 50 адам жұмысқа орналасыпты. Ал партияның қоғамдық қабылдауына түскен шағымдардың тең жарымынан астам оңымен шешілген.

ГҮЛМИРА БАТПАҚҰЛОВА, БҚО МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жыл сайын біздер "Кедергісіз келешек" жобасы бойынша сұрақтар көтеріп отырмыз. Аудандарды аралағанда 17 спорт нысаны "Кедергісіз келешекке" 100 пайыз жасап қойды, сол өте қуанышты жағдай болып жатыр. Неге десеңіз, мүгедектігі бар жандар аудандарда да бар. Солардың спортқа қатысуына бүкіл мүмкіндік беріліп жатыр деп ойлаймын.