$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі 2018 жылы қазанның 10-11-ші жұлдызына белгіленді

AstanaTV
18.05.2017ж. 20:00
3136
Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі 2018 жылы қазанның 10-11-ші жұлдызына белгіленді

Әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің 6-шы съезі келер жылы қазанның 10-11 күні өтетін болды. Барлық діни мерекелер мен атаулы даталарды ескерген секретариат мүшелері осындай қорытындыға келіп отыр.

Астанада өткен хатшылық жиынында барлық дерлік әлемдік және дәстүрлі дін өкілдері бас қосты. Жиында алдағы жылға жоспарланған съездің бағдарламасы да бекітілді. Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезі хатшылығының орынбасары, еліміздің Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, аталмыш съез әлемдік атыс-шабысты тоқтатуға өзінше септігін тигізе алады, дейді.

Ержан Ашықбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

Тек саясаткерлердің қатысумымен кей мәселелерді шешу қиынға түсіп отыр. Сондықтан мұнда қақтығыс-жанжалдардың тек уақытша тоқтатылуы емес, діни көшбасшылардың беделінің арқасында түпкілікті шешімге келу мәселесі де қарастырылып отыр.