Енді 18 жастан асқан, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың қорғаншылары өздерінің қамқорлығындағы тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша eGov.kz порталы арқылы тіркей алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұған дейін бұл қызмет тек халыққа қызмет көрсету орталықтарының бөлімшелерінде офлайн режимде көрсетілетін.
Мемлекеттік қызметтерді қолжетімді ету – eGov.kz порталының басты міндеттерінің бірі. Енді жаңартылған қызметтің арқасында тіркелімге өтінімді үйден шықпай-ақ, бірнеше қадам арқылы оңай беруге болады. Бұл уақытты үнемдеп, қызметті алуды әлдеқайда ыңғайлы етеді.
Көрсетілетін қызметті пайдалану үшін:
Көрсетілетін қызметтің жаңартылған функционалы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және ҚР Ішкі істер министрлігінің бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды.