Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Батыс Қазақстан облысында ВИЧ індетін жыныстық жолмен жұқтырғандар қатары көбейген

AstanaTV
18.05.2017ж. 20:00
3441
Батыс Қазақстан облысында ВИЧ індетін жыныстық жолмен жұқтырғандар қатары көбейген

Батыс Қазақстан облысында ВИЧ індетін жыныстық жолмен жұқтырғандар қатары көбейген. СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық директорының орынбасары Алмагүл Мантакова осылай деді. Биылдың өзінде 11 адам осы қатерлі дертке шалдығыпты. Ауру жұқтырғандардың ең үлкені алпысты алқымдаса, ең кішісінің жасы 17-де.

Қазір аймақтағы Сырым, Бөкей Ордасы мен Казталов секілді шалғай аудандар ғана қатерлі кеселден дін аман. Қалған аудандар мен облыс орталығындағы жағдай мәз емес. Дәрігерлердің дерегінше, індет жұқтырғандар арасында отбасын құрып, бала сүйіп отырғандар бар. Бір қызығы, әке-шешесі сырқат болса да, 81 нәресте дені сау болып өмірге келген. Осыны алға тосқан СПИД орталығының қызметкерлері бұл іске сауатты қарау керектігін айтады. Соңғы 21 жылда өңірде 38 адам осы аурудан көз жұмыпты.

Алмагүл Мантакова, БҚО СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық директорының орынбасары:

Жыл басынан бері ВИЧ-ке шалдыққандардың 82% ауруды жыныстық жолмен жұқтырған. Былтыр бұл көрсеткіш 75% болатын. Жалпы ВИЧ бұған дейін жыныстық қызмет көрсететін жезөкшелер мен нашақорлар арасында жиі кездессе, соңғы жылдары олардың қатарын қарапайым азаматтар толықтырып отыр.