Оңтүстік Кореяның Ұлттық ассамблеясы өткен аптада әскери жағдай енгізу әрекетіне қатысты Юн Сок Ёл мен жеті шенеунікті тез арада қамауға алуды талап ететін қарар қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Yonhap ақпарат агенттігінің жазуынша, бұл қаулыға 190 адам дауыс берсе, 95 адам қарсы болып, үшеуі қалыс қалған.
Оңтүстік Кореяның парламенті де өткен аптада әскери жағдай енгізу әрекетіне байланысты президент Юн Сок Ёлге қарсы арнайы тергеу жүргізуді талап ететін заң жобасын қабылдады.
Бұл ретте президент арнайы прокурорды тағайындау туралы қаулыға қарсы вето құқығын пайдалана алмайды, бірақ тағайындаудың өзін кейінге қалдыра алады, - деп түсіндіреді агенттік.
Бұған дейін Юн Сок Ёлге саяхаттауға тыйым салынған болатын. Бұл тыйымды енгізу президентке қатысты тергеуге байланысты талап етілді.