Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары 53 жолаушыны эвакуациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгін 112 нөміріне Алматы - Екатеринбург автожолында Сарышаған кентінен 5 шақырым жерде жолаушылар автобусы бұзылды деген хабарлама келіп түсті", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан хабарламада.
Құтқарушылар автобустан жақын маңдағы жылыту пунктіне 53 жолаушыны эвакуациялады.
Эвакуацияланғандар Өзбекстан Республикасының азаматтары болып шықты.
"Медициналық көмекке мұқтаж емес", - делінген хабарламада.