$523.72 €544.09 ₽5.2
×

Жұлдыз Әбдукәрімова өзін қорқытқан адамның аты-жөнін жария етті

AstanaTV
11.12.2024ж. 09:15
114
Жұлдыз Әбдукәрімова өзін қорқытқан адамның аты-жөнін жария етті

Танымал актриса Жұлдыз Әбдукәрімова алаяққа алданып, не пәтерсіз, не жер үйсіз қалғанын айтқан еді. Бүгін Астанада журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткізген ол оны кімдердің қорқытып жүргенін айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Құрылыс компаниясының негізін қалаушы Диляра Тәжімбетованың жолдасы өзін мемлекеттік қызметкермін деп таныстырды. Бірақ мен одан қорықпайтынымды айттым. Мемлекеттік қызметкер бола отыра, лауазымды қызметін пайдаланып отырғаны қаншалықты дұрыс? Өз қызметін пайдаланып, алаяқтыққа неге жол беріп отыр деген ой келді. Нақты дәлелім жоқ. Бірақ әйел адамға ер адамның дауыс көтеріп, қоқан-лоқы көрсетуіне мүлде құқығы жоқ», - дейді Жұлдыз Әбдукәрімова.

Актриса тергеу жүріп жатқандықтан, істің өзге мән-жайын айта алмаймын дейді. Дегенмен, ол Диляра Тәжімбетованың күйеуі, яғни, өзін шенеунікпін деп таныстырған адамның аты-жөні Нұржан Қатаев екенін ашық айтты. 

«Бастапқыда Дилярамен сөйлесіп, келісімшарт жасағанда бұл адамның қатысы болмаған еді. Бірақ соңғы кездесуде Нұржан Қатаев менімен дөрекі сөйлесіп, қоқан-лоқы көрсетті. Өзінің лауазымды қызметте екенін жеткізгісі келген шығар. Бірақ мен ешкімнен қорықпаймын. Халық бар, БАҚ бар. Заң барлығына бірдей деп ойлаймын», - дейді актриса.

Бір қызығы, Нұржан Қатаев деген азаматтың қай мемлекеттік органда жұмыс істейтінін білу үшін ашық дереккөздерден ақпарат іздедік. Нұржан Қатаев деген азамат балуан, күрестен Азия чемпионы болған. Оның атындағы күрес клубы да бар.