$515.97 €537.8 ₽5.25
×

Қостанайда өндіріс орнында әріптесінің өліміне кінәлі жұмысшы сотталды

AstanaTV
11.12.2024ж. 10:51
231
Қостанайда өндіріс орнында әріптесінің өліміне кінәлі жұмысшы сотталды

Қылмыстық істі Қостанайдың №2 соты қарады. Жұмыс көлігінің жүргізушісі қауіпсіздік ережелерін бұзған, салдарынан қызметкерлердің денсаулығына орташа және ауыр зиян келіп, олардың біреуі қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 2024 жылғы қарашада болды.

Адам өліміне cебеп болған жол апатына кінәлі жүргізушінің бас бостандығы 2,5 жылға шектелді.

"С. құрастыру өндірістік-технологиялық процесінің сақталуын бақылауды жүзеге асыратын тұлға бола отырып, қылмыстық немқұрайлылық танытып, технологиялық процестен ауытқып, "JACN200" маркалы автомобильдің беріліс қорабының тұтқасымен манипуляция жасады, бұл оның жәбірленушілер басқа көлікті құрастырып жатқан құрастыру бекетіне қарай кері қозғалуына әкеп соғады. Сотталушы ақаулы күйдегі тежегіш педальды басу арқылы көлікті тоқтатуға тырысып, алайда көлік жәбірленушілер М., Н., К. және Х.-ға соққы жасайды. Салдарынан жәбірленушілер әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алып, ауруханаға жеткізілді, онда Х. алған жарақаттарынан қайтыс болды", - деп хабарлады сот.