Бокстан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында бүгін ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектер өтеді. 9 финалдың 7-еуі өзбек боксшыларына қарсы болады, - деп хабарлайды msports.kz.
Ауыр салмақта жұдырықтасатын Сағындық Тоғамбай мен Айбек Оралбай ғана өзге елдің боксшыларымен жұдырықтасады. Біріне тәжік Парвиз Каримов қарсылас болса, ұлттық құрама капитаны қытайлық Абдрашит Рахметулламен (ұлты - ұйғыр) кездеседі.
Ерлер финалы:
48 келі Санжар Тәшкенбай - Шодиер Меликузиев (Өзбекстан)
54 келі Махмұд Сабырхан - Шахзод Музафаров (Өзбекстан)
57 келі Оразбек Асылқұлов - Миразизбек Мирзахаликов (Өзбекстан)
67 келі Дулат Бекбауов - Мужибило Турсунов (Өзбекстан)
71 келі Абылайхан Жүсіпов - Хавасбек Ассадуллаев (Өзбекстан)
75 келі Диас Молжігітов - Жавохир Умматалиев (Өзбекстан)
86 келі Бекзат Нұрдәулетов - Жасурбек Юлдашев (Өзбекстан)
92 келі Сағындық Тоғамбай - Парвиз Каримов (Тәжікстан)
+92 келі Айбек Оралбай - Абдрашит Рахметулла (Қытай)