$520.27 €537.65 ₽5.24
×

Мәжіліс Үкіметке ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау деңгейін 8,5%-ға дейін көтеруді ұсынды

AstanaTV
11.12.2024ж. 12:28
245
Мәжіліс Үкіметке ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау деңгейін 8,5%-ға дейін көтеруді ұсынды

Мәжіліс «Ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігі туралы» Жоғары аудиторлық палата есебін назарға алды.

Депутаттар Үкіметке ЕАЭО елдерінің келісілген агроөнеркәсіптік саясат шараларын іске асыру жөніндегі міндеттемелерін сақтау бойынша дәйекті жұмыс жүргізуді, Қазақстандағы ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау деңгейін Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімімен бекітілген әдіснамаға сәйкес 8,5% көлеміне дейін жеткізуді, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту көрсеткішін жылына 8-10%-ға жеткізу мақсатымен жеңілдетілген несиелендіру мен лизингке қаржыландыру көлемін ұлғайту, ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласында өндірістер ашу және олардың жергілікті деңгейде іске асырылуын арттыру мәселелерін қарастыру ұсынылады.

Ал, Ауылшаруашылығы министрлігіне бөлінетін субсидияларды нысаналы индикаторларға қол жеткізуге бағыттай отырып, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды стратегиялық жоспарлауды жетілдіру жөніндегі шаралар қабылдау ұсынылды. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың саланы субсидиялау, субсидиялар бойынша төлемдерді кідіртуге жол бермей, бюджет қаражатының пайдаланылуын мониторингілеу және бақылау жөніндегі қызметін үйлестіруді күшейту қажет.

Субсидия алушылар қарсы міндеттемелері ретінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің озық, экология тұрғысынан қауіпсіз және инновациялық агротехнологияларды қолдану арқылы қамтамасыз етілетін нақты көрсеткіштерге қол жеткізуге тиіс.

Облыстық әкімдіктерге әртүрлi субсидиялар бойынша төлем мерзiмдерiнiң бұзылуына жол бермей, агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы іс-шараларды қаржыландыруды бюджеттiк жоспарлау сапасын арттыру, субсидиялау бағдарламаларына барлық қатысушы үшін ақпаратқа және консультацияларға қолжетімділікті арттыру жөніндегі шараларды қабылдау ұсынылды.