$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Құрылыс саласындағы былықтар: жосықсыз компаниялардың кемшіліктері айтылды

AstanaTV
11.12.2024ж. 13:32
265
Құрылыс саласындағы былықтар: жосықсыз компаниялардың кемшіліктері айтылды

Парламент Мәжілісінің депутаты «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Самат Мұсабаев құрылыс саласындағы кем-кетік тұстарды тізбектеп, соларды шешу жолында ұсыныстарын білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол сөз басында құрылыс саласының ел экономикасына елеулі үлес қосып отырғанын айрықша қозғап өтті.

«Құрылыс – ел экономикасы өсімінің басты драйвері деп нық сеніммен айта аламыз. Еліміздің құрылыс саласы халықты баспанамен қаматамасыз етуде, жұмыс орындарын ашуда, іскерлік ортаны қалыптастырып, бизнес-белсенділікке зор ықпал етіп жатыр. Бұл ретте тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу тетігі айрықша маңызға ие. Ол мыңдаған қазақстандыққа тұрғын үй қажеттілігіне мүмкіндік бере отырып, өзінің тиімділігін дәлелдеді.
Алайда, ағымдағы сын-қатерлер, соның ішінде құрылыс салушылардың жосықсыз тәжірибесі және реттеудің жеткіліксіздігін ескере отырып, депутаттар, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы заңнамалық базаны жетілдіруге бағытталған заң жобасын әзірледі», - дейді мәжіліс депутат.

Заң жобасының негізгі мақсаты:

Әкімшілік рәсімдерді жеңілдету және нарыққа шығуға кедергілерді азайту арқылы құрылыс салушылар үшін жағдайды жақсарту;

Үлескерлерді қорғауды күшейту және қаражатты заңсыз тартудың алдын алу;

Үлестік қатысу саласында мемлекеттік реттеудің ашық және тиімді жүйесін құру.

Заң жобасында құрылыс салушылар үшін келесі өзгерістер ұсынылады: Құрылыс салушыларға қойылатын «кіру» талаптарын төмендету, яғни ортаңқол құрылыс салышулар Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу нарығына заңды кіру.

«Өңірлік құрылыс салушылардың қатысу мүмкіндігін кеңейту мақсатында енгізіледі: жұмыс тәжірибесі бойынша талаптарды төмендету ұсынылады (тәжірибе 18 және 10 мың шаршы метрден 10 және 5 мың шаршы метрге дейін, 3 жылдан 2 жылға дейін)», - деп атап өтті мәжілісмен.

Үлестік салымдарға қолжетімділікті кеңейту, яғни:

уәкілетті компания екінші деңгейлі банктерде қазіргі шотты ғана емес, жинақ және валюта шоттарын ашу мүмкіндігі;

мердігерге аванстық төлемдер мөлшерін ұлғайту;

үлескерлердің ақшасын әкімдіктен рұқсат алғаннан кейін ғана пайдалану құқығы;

тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың Бірыңғай ақпараттық жүйесінде (Қазрестр) міндетті түрде есепке ала отырып, жазбаша және электрондық нысанда үлестік қатысу шарттарын жасасуды қамтамасыз ету;

Біріңғай оператордың кепілдік беру шартын мерзімінен бұрын бұзған кезде уәкілетті компанияның кепілдік жарнасының бір бөлігін қайтару.

«Осылайша, заң жобасы үлестік нарықтағы жағдайларды жақсартуға және құрылыс салушыларға қойылатын талаптарды төмендетуге, сондай-ақ құрылыс салушылар үшін, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік беретін шараларды ынталандыруға бағытталған.
Бұдан басқа, жұмыс тобы барысында депутаттар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңның қолдану аясын кеңейту мақсатында жеке тұрғын үй кешендерін салуға және осы саладағы мемлекеттік реттеуді күшейтуге бағытталған бірқатар түзетуге бастамашылық жасады», - дейді Самат Мұсабаев.