$524.02 €545.19 ₽5.09
×

Қызылорда облысында алғашқы «Руханият орталығы» пайдалануға берілді

Қызылорда облысында алғашқы «Руханият орталығы» пайдалануға берілді

Қызылорда облысында биыл 2500-ден астам тұрғын қоныс тойын тойлаған. Оған мемлекеттен 39 млрд 100 млн теңге қаралған. Сондай натижелі жұмыстардың бірі Қармақшы ауданында да атқарылып келеді. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Қармақшы ауданында 106 пәтерлік 53 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Бірнеше жыл пәтер кезегін күткен тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Сонымен қатар ауданда Руханият орталығы ашылды. 

Аймақта тұрғын үй құрылысының көлемі соңғы 2 жылда 126 процентке өскен. 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілген. Бүгінде Ұлттық жоба аясында 1154 пәтерлік 21 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Мұндай игі бастамалар облыс орталығында ғана емес, аудандар да жалғасын табуда. Қармақшы ауданында Тәуелсіздік күні қарсаңында 106 тұрғын пәтер кілтін алды.

ЖАҢАГҮЛ ЕСПАНОВА, ТҰРҒЫН:

10 шақты жыл болып қалды үй кезегінде тұрғаныма. Бүгін қуанып тұрмыз, қызым екеуміз кешеден бері қобалжып естігеннен бері. Ең бақытты күніміз. Жақсы іші күшті, әдемі. Жап-жарық, жарқырап тұр. Рақмет көп-көп.

Биыл аймақта Руханият жылы деп жарияланған болатын, соның негізінде 7 ауданнан құны 11 млрд 500 млн теңге Руханият орталықтары салынуда. Оның алғашқысы Қармақшыда ашылды. Онда неке қию залы, музей, кітапхана, ардагерлер және аналар үйі шоғырландырылған. Соңғы үлгідегі неке сарайына алғашқылардың бірі болып келген жас жұбайларға облыс әкімі неке кәуілігін табыстап, сый-құрмет көрсетті.

Жыл соңына дейін тағы 5 ауданда заман талабына сай, сәулетті ғимарат пайдалануға беріледі. Ал қалғаны келесі жылға жоспарланған. Бұл кешенді құрылыс үлкен түйткілдің мәселенің шешілуіне мүмкіндік беріп отыр дейді сала басшылары.

МИРА ҚАЗБЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Ерекше айтып кету керек барлық аудандардағы архив, музей, кітапхана ғимараттарының алды 1930 жылдан әрі қарай салынған. Көптеген архив мекемелеріміз шыны керек апатты ғимараттарда, өте ескі тозған ғимараттарда отырған болатын. Міне осы кешенді құрылыстың нәтижесінщде біз бір ғимаратпен 3 үлкен саланың жұмысын бір жақты қылып отырмыз.

Қармақшы ауданында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Өткен жылы аудан бюджеті 13 млрдтан асса, биыл 18 млрд-қа жуықтайды. Бұл қаржы тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталуда дейді аудан басшылары. Мәселен биыл 2 млрд 100 млн теңгеден астам қаржыға автомобиль жолдары жөндеуден өткен. Ауданда ғана емес, жалпы аймақта атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар жетерлік.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Жақында ғана «ҚазГерМұнай» компаниясының қолдауымен оқушылар үйі 2,5 млрд теңгеге салынып, ел игілігіне табысталды. Келесі жылы мамыр айында шығармашылық академиясы баларымызға арналған 11 млрд теңгеге қазіргі таңда салынуда. Қызылорда қаласында қазіргі таңда 20млрд 900 млн теңгеге 11 мың адамға арналған стадионның құрылысы қарқынды жүруде.

Облыс әкімі шарадан соң тұрғындармен кездесіп, әлеуметтік-экономикалық дамудың бағыт-бағдары төңірегінде сөз қозғады. Жиналғандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.