$524.02 €545.19 ₽5.09
×

Мемлекет басшысы «Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы» ұйымының басқарма төрағасы Хелен Кларкты қабылдады

11.12.2024ж. 20:00
299
Мемлекет басшысы «Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы» ұйымының басқарма төрағасы Хелен Кларкты қабылдады

Мемлекет басшысы «Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы» ұйымының басқарма төрағасы Хелен Кларкты қабылдады. Президент Ұйым басшысына геологиялық барлау мен кен өндіру саласы бойынша ақпарат берді. Саланы дамытудың кешенді жоспары қабылданып, интерактивті карта мен 50 мыңнан аса геологиялық есептер қамтылған Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы іске қосылған. Бизнестің барлау және өндіру жұмыстарына лицензия алу тәртібі жеңілдетілгенін айтты. Хелен Кларк ұйымның алдағы кезеңге арналған стратегиялық жоспарымен және басым бағыттарымен бөлісті. Ол Қазақстанның жер қойнауын пайдалануға қатысты заңнамалық актілерін жетілдіру жұмыстарын жоғары бағалады.