$522.63 €548.66 ₽5.07
×

Мемлекеттен көмек алатын оралдықтарға газ бағасы арзандады

11.12.2024ж. 20:00
118
Мемлекеттен көмек алатын оралдықтарға газ бағасы арзандады

Мемлекеттен көмек алатын оралдықтар үшін тауарлық газ бағасы арзандайды. Атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алатын тұрғындар енді көгілдір отын үшін 20 процентке аз шығынданады. Әзірге мұндай бастама Шымкент пен Батыс Қазақстан облысында пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылып жатыр. Жеңілдікке ие болған азаматтарға баспанасының құжатын өткізудің қажеті жоқ, тұратын үйінің деректерін көрсетсе жеткілікті. Игі бастама пәтер жалдап жүрген отбасыларды да қамтиды.

ДЕМЕУ СЕЙТЖАНОВ, "QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Қазір көп абоненттердің сұрайтын сұрақтары - менің өзімнің үйім жоқ, бірақ мен жалдаған үйде тұрамын. Иә, жалдаған үйде тұрса да, сол үйдің иесінен жеке шотты алса болады. Сол үйге де жеңілдік саналады.

Батыс Қазақстан облысында газдың текше метрі - 20 теңге. Жеңілдікті пайдаланушылар енді 16 теңге ғана төлейді. Бес айға созылатын пилоттық жоба өзін ақтап жатса, өзге өңірлерде кеңінен тарамақ. Бұл бастама Президенттің мемлекеттік қолдау шын мұқтаж жандарға бағытталуы маңызды екенін атап көрсеткен тапсырмасына сәйкес орындалып жатыр. 

АЛМАГҮЛ ЕСЕНҒАЛИЕВА, БҚО ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда барлық аудандық, қалалық жұмыспен қамту бөлімдері, мансап орталықтары, соның ішінде ауылдық округтегі ассистенттер атаулы әлеуметтік көмек алушылар мен тұрғын үй көмегін алушыларға түсіндурі жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда мыңнан астам көмек алушыларға смс түсті.