Биылғы Жайдарман TOP жоғары лига финалында Жетісу облысының Шапалақ командасы жеңіске жетті. Жайдарманның 25 жылдық тарихында жетісулықтар алғаш рет чемпион атанды. Аймақ абыройын асқақтатқан жастарға әкімдік тарапынан арнайы марапат табысталды.
2024 жылғы маусымашар фестиваліне 193 команда тіркелген. Оның ішінен 16 үздік команда іріктеліп, жыл бойы республикалық жоғары лига ойындарында өнер көрсетті. 10 жылға жуық уақыт сахнада жүріп, өнер жолындағы біраз қиындықты кешкен әзілкештер діттеген мақсаттарына биыл жетті.
ОРЫНБАСАР СЕРІКБАЙ, "ШАПАЛАҚ" КОМАНДАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ:
Эфирға шығып жолымыз сол 2015 тен басталды. Биыл енді араға біраз жылдар салып, мақсатымыз чемпион болдық. Енді біз команда бастапқыда көп болды құрам. Кейін өзі іріктеліп, соңына дейін барамыз деген жігіттер қалды. Төрт адам боп қалдық. Кейіннен осы жылы соңғы маусымда Сырым Әуезхан деген айтыскер ақын қосылды. Сонымен жақсы бір тандем шығып биылғы жылы чемпион болдық.
Додада өзгелерден оза шапқан Шапалақ командасы үздіктердің үздігі болып, алғаш рет чемпиондық атаққа қол жеткізді. Орталарына тосыннан қосылған айтыскер ақын Сырым Әуезхан командаға жаңа леп бергендей.
ОРЫНБАСАР СЕРІКБАЙ, "ШАПАЛАҚ" КОМАНДАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ:
Шәй ішіп әңгімелесіп отқанда әңгімеміз жарасып ол кісі де квнге қызығушылығы бар екен. Сосын біз ұсыныс тастадық. Бір ойын ойнайсыз ба деп, қуана келісті көрейікші осы квн сахнасын деп. Шығып ойнағаннан кейін бір ойыннан кейін вобще қызығушылығы артып, өзіне де қызық болып келісіп ол кісінің де біздің де мақсатымыз негізі халыққа бір сапалы әзіл беру болды. Айтыста да ол кісінің айтып жүрген әңгімелері де әзілдері де кішкене. Ұқсайды екенбіз дедікта сүйтіп қосылып кеттік.
Жер жәннәті Жетісудан шыққан тұңғыш жеңімпаз ретінде Шапалақ командасы ел есінде қалмақ. Чемпиондар ендігі мақсатымыз Ютуб желісінде жоба бастап, өзімізді ары қарай дамыту дейді. Команданың жігіттері Серікбай Орынбасарға, Мадияр Жұмабаевқа, Әли Құсайыновқа Жетісу облысы әкімінің алғыс хаттары, 1 000 000 теңгелік қаржылай сертификаттар табысталды.