$526.11 €542.31 ₽4.76
×

Елордада "Независимые" қойылымының премьерасы өтті

11.12.2024ж. 20:00
193
Елордада "Независимые" қойылымының премьерасы өтті

Елордада "Независимые" қойылымының премьерасы өтті. Спектакль "Астана - есірткісіз қала" бағдарламасы аясында әзірленген. Реалистік оқиғаға бағытталған деректі драманы Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актерлері сахналады. 

Нашақорлықтың шырмауына шырмалған алты кейіпкер, алты түрлі тағдыр. Әрқайсының жас ерекшелігі де әртүрлі. Орыс тіліндегі қойылым өмірдегі шынайы оқиғалардан алынған.

САЛТАНАТ МУКСИМОВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Бізде қала бойынша жоспар бар нашақорлықтың алдын алу, оған қарсы төтеп беру. Сондықтан осы идея туындады. Бүгін студенттер тегін келді қойылымды қарауға. Сонымен қатар алдағы уақытта барлық қала қонақтары мен тұрғындарға бұл да көрсетілетін болады.

Актерлер көрерменге тағдырдың тәлкегіне қалай түскендері жайында кезекпен сыр шертеді. Мәселен Карина есімді кейіпкер жастық жалыны мен балалық дәуренін алдамшы ләззатқа айырбастап, 14 жасында зиянды заттарға тәуелді болған.

ОЛЕГ ФЕДОРЕНКО, ҚОЙЫЛЫМ РЕЖИССЕРІ:

Бұл оқиғалардың бәрі мына әлемдегі, айналамыздағы жандардың басынан өткен. Соларды сахналауды ұйғардық. Дайындыққа 1 ай уақытымыз кетті. Әр кейіпкерді, рөлді артистер өздері таңдады. Тақырып оңай болған жоқ, сондықтан түгел ұжым боп жұмылдық.

Спектакльдің премьерасы осыған дейін 3 мәрте көпшілікке ұсынылды. Бұл жолы қойылымды жоғары оқу орындары мен колледж студенттері тамашалады.

ШАЙКАМАЛ ЖАНБОЛАТ, СТУДЕНТ:

Біз колледж атынан 50 ұлан боп келдік. Қазіргі таңда наша ауруы өте көп болып жатыр ғой, именно жастардың ортасында нашақорлық тарап жатыр. Сондықтан осындай қойылымдардың көп болуы бұл жас ұрпаққа деген бұл сабақ, өнеге ретінде болуы тиіс деп ойлаймын. Бұл үлкен мәдени орта ғой, ал үлкен, әрбір мәдени ортада сен өзіңе деген бір жаңа заттар ала аласың.

Қойылымға театрдың тұрақты көрермендері де келді. Қала тұрғыны Мария Ким осындай спектакльдерге өскелең ұрпақтың көптеп келуі аса маңызды дейді.

МАРИЯ КИМ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Меніңше "театр" деген адамдар келіп демалып, көңіл көтеріп қана кететін ойын-сауық алаңы емес. Бұл жерде бірінші кезекте әлеуметтік, қоғамдық, жаһандық маңызы бар ауқымды мәселелер назарға алынып, жұртқа жарияланады. Таңдалған "нашақорлықтың алдын алу" тақырыбы осы күні ешкімді бей-жай қалдырмайтын өзекті проблема.

Жобаға мұрындық болған қалалық мәдениет басқармасы алдағы уақытта дәл осындай мәтінде, нашақорлықтың алдын алуға бағытталған қазақ тіліндегі қойылымдарды да көпшілікке тарту өтпек.