Қызылжарда «AMANAT» партиясының “Ұлттық мұра” жобасының аясында 300-ден астам іс шара ұйымдастырылған. Оған 20 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Бағдарламаның басты мақсаты - ұлттық, рухани және мәдени құндылықтарды, сондай-ақ ұлттық спорт түрлерін насихаттау. Аймақта қазақтың ұлы ақын-жазушыларына арналған ондаған айтыстар өткізілді. Жуырда ғана қолға алынған “Домбыра күнін” де жергілікті тұрғындар ерекше атап өтті.
РОЗА ШӘКЕНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ СҚОФ САЯСИ ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ КЕҢЕСШІС:
Биыл алғаш рет аймақта 18 бен 45 жас аралығындағы жазушылар байқауы ұйымдастырылды. Барлық шығармалар “Ұлы дала” республикалық байқауына жіберілді. Осымен бесінші рет өткізіліп отырған бұл үлкен жоба биыл балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған.