Қызылжар өңіріндегі Подгорный ауылында “Еңбек” бағдарламасымен тапсырылған жер үйлер бірінен соң бірі өртеніп жатыр. Осы уақытқа дейін 6 баспана отқа оранған. Сан мәрте болған төтенше жағдайдың салдарынан ауыл жұртынан маза қашқан. Өрттің шыға беруіне не себеп? Аймақтағы тілшіміз Абзал Құрманкин мәселе мәнісін білуді.
Алматы облысының тумасы Бота Смайылова теріскейге 4 жыл бұрын “Еңбек” мемлекеттік көші-қон бағдарламасы бойынша көшіп келген. 2 баланы асырап отырған жалғызбасты анаға әкімдік Подгорный ауылынан бүтін баспана ұсынған. Айтуынша, үйдің барлық шикіліктерін мердігер компания өзі жойып отырған. Алайда, пешке қатысты олқылықтарға міз бақпаса керек.
БОТА СМАЙЫЛОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Пештің дұрыс салынбағанын мен білетінмін. Себебі мен келген двлы айтқам…мынандай колодец жасап, пешті ауыстырып беріңдерші дегенде, маған айтты долгого горения пеш осындай деп. Жоқ пеш ауыстырылмайды деді.
Қызылжар ауданындағы Подгорный ауылында 2019 жылдан бері ұзын саны 39 үй салынды. Оның алтауы соңғы екі жылда бірінен соң бірі өртенген. Тұрғындар бар гәп құрылыс кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауында дейді.
ЖАНБУРА БАЕКИН, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Оның себептері үйдің күюінің мұржаның бойындағы шатырға шығатын жерде өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген, дұрыстап қапталмаған. Ағашқа темір мұржа тақалып тұр. Қызғаннан кейін содан өрт шығып жатыр. Күйген үйде көрініп тұрды сымдардың шығып тұрғаны. Қалай болса солай сымды ағаштың үстіне сала салған.
Жергілікті билік өкілдері аталған баспаналардың кепілдік мерзімі өтіп кеткенін айтады. Дегенмен, шенеуніктер комиссия құрып, үйлерді бастан-аяқ тексеріп шықпақ. Ақаулар табылған жағдайда аудандық бюджеттің көмегімен жыртықты жамауды жоспарлап отыр.
АСХАТ БӘКЕЕВ, СҚО ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Пештің несін ауыстыру керек, сосын отопительный системасын ауыстыру керек. Барлық 39 үйдің зерттеуін жасайды. Сосын бізге сметасын береді. Біз аудан бюджетінен неотложные нужды дейді. Сол специфика бойынша осыған ақша бөлінетін болады.
Айта кету керек, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша соңғы бес жылдың ішінде “Еңбек” бағларламасы аясында мыңнан астам баспана бой көтерді.