$516.93 €542.52 ₽4.98
×

Алматы облысында AMANAT партиясының мүшесі 5 отбасыға баспана сыйлады

AstanaTV
12.12.2024ж. 08:14
32
Алматы облысында AMANAT партиясының мүшесі 5 отбасыға баспана сыйлады

Жамбыл ауданында бес отбасы жаңа баспанаға ие болды. Бұл игі істі «AMANAT» партиясының белсенді мүшесі, «Ақтерек» шаруа қожалығының басшысы Темірлан Шайнүсіпов жүзеге асырды, деп хбарлайды Azattyq Rýhy.

Ақтерек ауылында өткен салтанатты табыстау рәсімінде Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас тұрғындарды құттықтап, осындай бастамалардың ауылдардың дамуына зор ықпал ететінін атап өтті.

«Темірлан Шайнүсіпов ағамыздың қайырымдылығымен бүгін 4 бөлмелі 5 пәтердің кілттері табысталды. Ол осы уақытқа дейін 160-тан астам үй салып, ауылдастарының жағдайын жақсартуға зор үлесін қосты. Әлеуметтік мәселелерді шешу жолындағы осындай бастамалар тек қана ауылдық жерлердің дамуына емес, тұтас елдің өркендеуіне үлес қосады. Ағамыздың қайырымдылығы мен туған жеріне деген сүйіспеншілігі – баршамызға үлгі. Бүгін кілт алған отбасыларды шын жүректен құттықтаймын! Бұл үйлер сіздерге тек баспана ғана емес, жаңа өмірдің бастамасы болсын!», – деді аудан әкімі.

Жаңа үйлердің кілттері көпбалалы отбасылар мен ауыл шаруашылығында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен азаматтарға табысталды.