Илон Маск 400 миллиард доллардан астам табысы бар алғашқы адам атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның табысының артуына SpaceX компаниясы акцияларының өсуі себеп болды.
Bloomberg агенттігінің дерегінше, әлемдегі ең бай адамның капиталы 439 миллиард долларды құрайды. Бір қызығы, АҚШ-тағы президенттік сайлаудан соң оның көлемі бірден 150 миллиард долларға артқан.
Екінші орында тұрған Джефф Безос 244 миллиард долларға иелік етеді. Ал үшінші орында 219 миллиард доллары бар Meta басшысы Марк Цукерберг тұр.