$516.93 €542.52 ₽4.98
×

Оңтүстік Кореяның президенті билік үшін өліспей беріспейтінін мәлім етті

AstanaTV
12.12.2024ж. 11:00
75
Оңтүстік Кореяның президенті билік үшін өліспей беріспейтінін мәлім етті

Оңтүстік Кореяның президенті билік үшін өліспей беріспейтінін мәлім етті

Оңтүстік Корея президенті оппозицияны «импичментті теріс пайдаланды» деп айыптап, отставкаға кету туралы өтініштерден бас тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Yonhap хабарлағандай, парламент Юн Сок Ельге импичмент жариялай алмады. Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель теледидар арқылы сөйлеген сөзінде соңына дейін күресетінін айтты. Ол оппозицияны «импичментті теріс пайдаланды» деп айыптап, отставкаға кетуге шақырудан бас тартты.

«Маған импичмент жарияланса да, тергеу жүрсе де, мен бәріне дайынмын», — деді Юн Сок Ель.

Президентке қатысты тергеу басталды, себебі ол мемлекетке опасыздық жасады деген күдік туғызған еді.